Профи-бокс
26 сәуір 2018 12:24
 
Де Ла Хойя "Канелоны" Головкинмен өтетін екінші кездесуге дейін әр күн сайын допинг-сынақтан өткізіп тұруға уәде берді

  Пікірлер

blog.share

Де Ла Хойя "Канелоны" Головкинмен өтетін екінші кездесуге дейін әр күн сайын допинг-сынақтан өткізіп тұруға уәде берді boxingscene.com

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушысы Оскар Де Ла Хойя TMZ Sports порталына берген сұқбатында мексикалық боксшы Сауль "Канело Альварес (49-1-2, 34 КО) тұрақты түрде рұқсат етілмеген дәрумендерге допинг-сынақтан өтіп тұратынын айтты. Бұл туралы BoxingScene.com порталы хабарлап отыр. 

"Канело" орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) өтетін екінші кездесуге екі ай қалғанда допингпен ұсталды. Мексикалық боксшының екі бірдей допинг-сынағынан кленбутерол дәрумені табылды. Оның командасы бұл допингтің боксшының қанына бұзылған ет арқылы түскенін айтты. Кейіннен Альварес жекпе-жектен бас тартып, бокстан алты айға шеттетілді. 

"Канело" - таза боксшы. Ол енді бүгіннен бастап, келесі жекпе-жегіне дейін допинг-сынақтан өтіп тұрады. Альваресті сынға алу қисынсыз. Кленбутерол Мексикадағы бас проблеммалардың бірі. Бұған дейін бірнеше мәрте дәлелденді де. "Канело" танымал боксшы болғаннан соң ыңғайсыз жағдайда қалды. Енді көп жанкүйерлер оны жек көріп кетті. Бірақ ол мен білетін боксшылардың арасындағы ең тазалардың бірі. Осы уақытқа дейін де ол бірнеше сынақ тапсырды. Олардың бәрі таза болған еді", - деді Де Ла Хойя. 

"Канелоның" орнына енді 5 мамыр күні Головкинмен америкалық Ванес Мартиросян шығады. Кездесу Лос-Анджелес (Калифорния штаты) маңындағы Карсон қаласындағы StubHub Center спорт кешенінде өтеді. 

Жарнама

Живи спортом!