Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы ең басты қателігі айтылды
MMA-Sport порталының журналисті Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің (11-0, 6 КО) кәсіпқой бокстағы ең басты қателігін айтты.
MMA-Sport порталының журналисті Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің (11-0, 6 КО) кәсіпқой бокстағы ең басты қателігін айтты.
"Елеусінов Эдди Хирннің ең жақсы көретін боксшыларының бірі болды. Промоутер оған үнемі жекпе-жек ұйымдастырып беретін. Данияр әлем чемпиондарының андеркардында өнер көрсетті. Елдің назарына ілікті. Осылай жалғаса берсе, қазір ол әлем чемпионы болатын еді. Matchroom компаниясынсыз ол көп нәтижеге қол жеткізе алмайды. Ол IBO чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Бірақ одан әрі жылжи алмай отыр. Мықты менеджерсіз ұзаққа бару қиын. Мен Хирн де Даниярдан айырылып қалғанына өкінеді деп ойлаймын. Елеусінов - өте талантты боксшы. Оған боксты тастау ерте. Ол боксты тастап кетсе, өкінішті болады", - деді Смит.
Еске салайық, 31 жастағы Елеусінов жуырда карьерасын аяқтауы мүмкін екенін айтты. Ол сонымен қатар Эдди Хирнмен жұмысы туралы айтып, неге промоутерден кеткенін айтқан еді.
Ал соңғы рет Елеусінов шаршы алаңға соңғы мәрте өткен жылы желтоқсан айында шығып, аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны (15-1, 4 КО) жеңіп, IBO белбеуін иеленді.
Жарнама