Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычко (11-0, 11 КО) келесі кездесуін АҚШ жерінде өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Дычко келесі кездесуін 25 маусым күні Triller Fight Club промоутерлік компаниясы ұйымдасыратын бокс кешінде өткізеді. Бірақ оның қарсыласы әлі анықталған жоқ.
Айта кетейік, бұл бокс кешінде Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) шаршы алаңға шығады. Ол өзінің IBO чемпиондық белбеуін қорғайды. Елеусіновтің қарсыласы Украина елінің боксшысы Иван Голуб (20-1, 15 КО) болады.
Еске салайық, екі боксшы да кейінгі рет 2021 жылдың желтоқсан айында жұдырықтасты. Дычко ресейлік Александр Устиновтан үстем түссе, Елеусінов аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны жеңді.