Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші кездесуінде не үшін қарсыласын құлата алмағанын түсіндірді
Matchroom
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (2-0, 1 КО) Vesti.kz порталының тілшісіне Ұлыбританияда өткен кәсіпқой бокстағы екінші кездесуі туралы және бұл кездесуде қарсыласын неге нокаутқа түсіре алмағаны туралы айтты.
Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы екінші кездесуі 6 маусым күні Лондондағы York Hall спорт кешенінде өтті. Бұл кездесуде алты раундтың қорытындысы бойынша отандасымыз венгриялық Золтан Шабодан (24-12, 10 КО) үстем түсті.
"Жекпе-жек жақсы болды. Мен үшін үлкен тәжірибе болды десем де болады. Алты раундтық кездесу өткіздім. Жеңістің аты жеңіс қой. Иә, қателіктер де жібердім. Әлі біраз жұмыс істеу керек. Негізі қателік деп те айтуға келмейді. Шамалы кемшіліктер болды. Енді соларды толықтыру керек. Әуесқой бокстағы әдеттер бар әлі де.
Қарсылас тәжірибелі боксшы еді. Жеңілісі де бар. Бірақ мықты боксшыларды да жеңген. Мықты боксшылардан жеңілген.
Маған қарағанда ол кәсіпқой бокста көп кездесу өткізген. Бұл менің небәрі екінші кездесуім ғана. Әр кездесу өткізген сайын кәсіпқой боксқа төселіп, шыңдалып келемін.
Мен жарты жыл жаттығу істеген жоқпын. Мұның да өз әсері болды. Биыл ғана жекпе-жек өткізе бастадым. Өйткені, Олимпиададан кейін 2017 жылы практика болмады. Енді-енді өз бабыма келіп, кәсіпқой бокстағы өз стильімді қалыптастырып келемін. Алдағы уақытта да көп кездесу өткізіп, спаррингтер жасау керек. Демалыс кезінде жаттығу жасаған жоқпын", - деді Олимпиада ойындарының чемпионы.
Айта кетейік, Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы үшінші кездесу 28 шілде күні Лондондағы О2 спорт кешенінде өтеді. Бұл бокс кешінің басты кездесуінде аса ауыр салматағы британдық боксшы Диллиан Уайт (23-1, 17 КО) пен WBO белбеуінің бұрынғы иегері Джозеф Паркер (24-1, 18 КО) шаршы алаңға шығады.

Жарнама