Профи-бокс
26 сәуір 2018 10:32
 
Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі алдында ашық жаттығу өткізді

  Пікірлер

blog.share

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі алдында ашық жаттығу өткізді Данияр Елеусінов. Сурет ҚФБ

Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінің алдында ашық жаттығу жұмыстарын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Отандасымыздың кәсіпқой бокстағы бірінші қарсыласы америкалық Ноа Кидд (3-0-1, 2 КО) болады. Олардың жекпе-жегі 28 сәуір күні Нью-Йорк қаласындағы "Барклайс" спорт кешенінде орта салмақта өнер көрсететін америкалық Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен полшалық Мацей Сулецки (26-0, 10 КО) арасындағы кездесудің андеркартында өтеді.

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін өткізу үшін Нью-Йорк қаласына келді 

Джейкобс - Сулецки жекпе-жек кешінің андеркартында алты раундтық кездесуде тағы бір қазақстандық боксшы, Нью-Йорк қаласында полиция қызметін атқаратын Димаш Ниязов (13-0-3, 6 КО) та өнер көрсетеді. Оның қарсыласы мексикалық Анхель Саринано (7-7-2, 3 КО) болады. 

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы жайлы не дейді?

27 жастағы Елеусінов кәсіпқой боксқа екінші мүмкіндігінен ауысты. Ол наурыз айының басында танымал британдық промоутер Эдди Хирнмен келісімшарт жасады. Британдық маман Энтони Джошуа, Келл Брук, Джордж Гроувз, Тони Белью, Амир Хан секілді боксшылардың жекпе-жектерін ұйымдастырады. 2017 жылы ол америкалық Дэниел Джейкобспен келісімшарт жасаған. 

Жарнама

Живи спортом!