Профи-бокс
3 наурыз 2017 15:40
 
Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегіне дайындалу үшін Майамиге келді

  Пікірлер

blog.share

2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегіне дайындалу үшін Майамиге келді, деп хабарлайды "Профи Бокс Казахстана" парақшасы. 

Еске салайық, Данияр Елеусінов 2017 жылдың қаңтар айында австралиялық "MJA Entertainment" промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасаған еді. 

АҚШ-та Даниярды ағасы Дәурен Елеусінов күтіп алыпты. Бұл жерде отандасымыщ мамыр айында Қытай жерінде өтетін кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегіне дайындалады. 

Айта кетейік, 25 жастағы Елеусінов 2016 жылдың тамызында Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданың чемпионы (69 килограмм салмақта) болды. Оның әкесі Марат Елеусінов кәсіпқой бокста да жаттықтырушысы болады. Даниярдың жаттығу лагері Флоридада. Оны америкалық мамандар да жаттықтыратын болады.

Кәсіпқой бокста Елеусінов жартылай орта салмақта (66 килограмм) жұдырықтасатын болады.

Жарнама

Живи спортом!