Профи-бокс
22 ақпан 2017 15:19
 
Біз Дычко мен Елеусіновтің АҚШ-тағы барлық шығынын өз мойнымызға аламыз - промоутер Майк Алтамура

  Пікірлер

blog.share

Біз Дычко мен Елеусіновтің АҚШ-тағы барлық шығынын өз мойнымызға аламыз - промоутер Майк Алтамура ©Объектив.kz

Автралиялық промоутер Майк Алтамура Vesti.kz порталына қазақстандық боксшылар - Данияр Елеусінов пен Иван Дычконың дайындығы қалай өтетін айтып берді. Оның айтуынша, екі боксшы да жуық арада АҚШ-қа барып, жаттығуларын бастайды екен. 

"Қазір біз олардың визаларын дайындап жатырмыз. Данияр АҚШ-қа отбасымен, атан-анасымен көшіп барғысы келеді. Олар Флоридада дайындалып жатқан ағасы Дәурен Елеусіновпен бірге тұрады. Ал Дычко алдымен өзі барып дайындалады. Содан кейін ол Майамиге өз отбасын алып баруы мүмкін. 

Боксшылардың барлық шығынын біз өз мойнымызға аламыз. Біздің команда бұл талантты боксшылардың болашағына зор үмітпен қарап отыр. Менің ойымша, бұл жақсы инвестиция. Олар да Дерик Сантостың бастамасымен өтетін жаттығуды асыға күтіп отыр. Алдағы уақытта тәжірибелі маманның өзі оларға спарринг қарсыластарын таңдап, жаттығуларын қадағалайтын болады", - дейді Алтамура 

Айта кетейік, 2017 жылдың басында кәсіпқой бокста ауысқан отандастарымыз кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегін мамыр айында, Қытайда өткізеді. Бірақ қарсыластары әлі анықталған жоқ. 

Жарнама

Живи спортом!