Профи-бокс
26 мамыр 2017 12:41
 
"Бұл циркті біз ғана тоқтата аламыз". Де Ла Хойяның Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегіне қатысты айтқаны

  Пікірлер

blog.share

"Бұл циркті біз ғана тоқтата аламыз". Де Ла Хойяның Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегіне қатысты айтқаны © Vesti.kz

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя бокстан кеткен Флойд Мейвезер мен ММА файтері, UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор арасында болуы мүмкін жекпе-жекке қатысты сын айтты, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".

"Бұл циркті біз ғана тоқтата аламыз. Мәселенің басын ашып алу керек, бұл жекпе-жекке ұқсастығы бар қойылымға ақша төлемейміз және жақындарымзға да осыны айтамыз. Мейвезер мен МакГрегор де бұл  жекпе-жекте жеңілмейді, ұтылатын біз. Әрқайсымыз 100 доллардан айырылып, боксты өнер шыңына қайта көтеру мүмкіндігінен айырыламыз. Ең мықты боксшы ешқашан кәсіби рингке шықпаған адамды жеңетіні онысз да белгілі, осыдан кейін біздің спорт түрімізге құрмет болмайды", - деп жазыпты Де Ла Хойя facebook желісіндегі парақшасына.

Мұның алдында, Мейвезер мен МакГрегор қыркүйекте жекпе-жек өткізуі мүмкін екені айтылған, алайда, келісімшартқа әзірге ирландиялық файтер ғана қол қойыпты. Әзірге олардың жекпе-жегі өтетін күн де белгіленген жоқ.

UFC президенті Дана Уайт бұл шоуды 16 қыркүйекте өткізуді жоспарлаған екен. Алайда бұл күнді мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин жекпе-жек күні етіп таңдағандықтан, басқа күнге қоятындарын айтты.

Жарнама

Живи спортом!