Брук Головкинмен өткен кездесуде қандай жарақат алғаны туралы айтып берді
©:dailymail.co.uk
Жартылай орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Келл Брук (36-2, 25 КО) The Guardian басылымына берген сұқбатында орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) қарсы өткізген кездесуі туралы айтып берді.
Еске салайық, Брук пен Головкин арасындағы кездесу 2016-жылдың 16-қыркүйегінде Лондонда өтіп, отандасымыз бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Өйткені, британдық боксшының командасы шаршы алаңға орамал тастады. Кейін бұл кездесу үшін екі салмақ жоғары көтерілген британдық боксшының көз сүйегі сынып, оған операция керек болғаны анықталды.
"Головкинге қарсы кездесуде мен өзімді жақсы сезіндім. Соққылар жасадым. Головкин - мықты қарсылас. Бірақ соққым оған дарыған кезде, өз-өзіме деген сенім арта түсті. Көзімнен жарақат алмағанша, барлығы жақсы болды. Сол кезде есеңгіреп қалдым. Головкин - маған қарсы шыққан боксшылардың ішіндегі ең мықты панчер. Көзім қарауытып, нашарлай берді. Мұндай жағдай бұрын менің басымнан өтпеген еді.
Әу баста дененің қызуымен ештеңе сезбейсің. Кейін бір дыбыс пайда болды. Мен қолғабыммен көзімді орынан келтіргім келді. Өйткені, ол шынымен шығып кетуге шақ қалды. Мен демалған кезде ауа көзімнен шығып жатқанын сезіндім.
Менің хирургім маған жекпе-жекке шыға аламын ба, жоқ па ештеме айтпады. Ол "Рентген көздің сүйегі мен қарашығы жазылды. Сондықтан кетуің болады", - деді. Сондықтан мен жарақатым бар екенін ұмытпауым керек. Дегенмен де мен спортшымын", - дейді Брук.
Айта кетейік, 2017 жылдың мамырында Брук өз салмағында америкалық кіші Эррол Спенстен жеңіліп, IBF белбеуінен айырылып қалды. Бұл кездесуде де британдық боксшы көзінен жарақат алды.
Енді оның келесі кездесуі 3-наурыз күні Шеффилд қаласында өтеді деп жоспарланған. Бірінші орта салмақта өнер көрсетеді. Оның қарсыласы беларусь Сергей Рабченко болмақ.

Жарнама