Профи-бокс
8 тамыз 2018 17:46
 
"Бір екі раундта құлатады". Ахмедовтың бапкері қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі туралы

  Пікірлер

blog.share

"Бір екі раундта құлатады". Ахмедовтың бапкері қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі туралы Али Ахмедов. © Тұрар Қазанғапов

Кәсіпқой боксшы Али Ахмедовтың (11-0, 8 КО) бапкері Сағтбек Мұсаханов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында жартылай ауырсалмақта өнер көрсететін отандасымыздың АҚШ-тағы бокс кешінде алты раундтық кездесуі жайлы пікір білдірді. 

Ахмедов 33 жастағы америкалық боксшы Хорхе Эскалантемен (9-1-1, 6 КО) ертең, 9 тамызда (Астана уақытымен таңертең) шығады. Салмақ өлшеу рәсімінде америкалық боксшы қазақстандықтан жеті келіге ауырлау болып шықты. 

"Али сәл "тұрып қалды" - бес-алты ай жұдырықтаспады. Сол себепті де оған осындай қарсылас берген шығар. Жеңетіні сөзсіз. Менің ойымша барлығы да бір-екі раундта шешіледі. Еш қиындық болмайды", - дейді Али Ахмедовпен 18 жыл бойын жұмыс істеп келген маман. 

Голливудта өтетін бокс кеші отандасымыз үшін АҚШ-тағы төртінші жекпе-жегі, ал оның қарсыласы бірінші рет шығып отыр. 33 жастағы америкалық боксшы өз отанында бірде-бір рет шаршы алаңға шықпаған. 2014 жылдан бері Мексикада өнер көрсетіп келген. 

Жарнама

Живи спортом!