Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой боксқа ауысты
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, әлем чемпионатының қола жүлдегері 24 жастағы Абылайхан Жүсіпов Suleimen Promotion промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қаңтар айында ол Нұр-Сұлтан қаласында промоутерлік компанияның басқа да боксшылармен бірге дайындықты бастады.
Жүсіпов үш мәрте әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңген. Сонымен қатар, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанып, жастар арасындағы әлем біріншілігінде чемпион болған.
Бұған дейін ол бокстан Қазақстан құрамасының капитаны етіп тағайындалған еді.
Айта кетейік, Suleimen Promotion промоутерлік компаниясымен бірнеше талантты қазақстандық боксшылар келісімшарт жасаған. Биыл бұл компания Бүкіләлемдік бокс кеңесінің 60 конвенциясын өткізу құқығына ие болды.
Жарнама