Профи-бокс
7 наурыз 2018 15:42
 

"Бокстағы үздік джеб". Желіде Головкиннің соққыларының видеосабағы пайда болды

  Пікірлер

blog.share

"Бокстағы үздік джеб". Желіде Головкиннің соққыларының видеосабағы пайда болды © Тұрар Қазанғапов

Желіде "GGG: бокстағы үздік джеб" атты видео пайда болды. Онда қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің соққыларының видеосабағы түсірілген, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Желіде "GGG: бокстағы үздік джеб" атты видео пайда болды. Онда қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің соққыларының видеосабағы түсірілген, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұны америкалық UCNLive басылымының журналисі Стив Ким байқап қалып, басқа боксшыларға осы видеоны міндетті түрде көруге кеңес берді. 

"Бокста ең қарапайым соққы ол - джеб. Меніңше бұл үйрену кере бірінші нәрсе. Міне, Головкиннің видеоджебі", - деп жазды Ким Twitter желісіндегі парақшасында.  

 

Бұл видеоны көрген Головкиннің бапкері Том Леффлер де мақтауын аямады. 

"Тамаша видео. Головкиннің джебі көптеген боксшылардың күш салып ұрған соққысынан әлдеқайда жойқын", - дер жазды Леффлер.

Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

Жарнама

Живи спортом!