Профи-бокс
9 тамыз 2021 20:51
 
Боксшы әйелді нокаутқа түсіріп қашып кеткен. Оған іздеу жарияланды

  Пікірлер

blog.share

Боксшы әйелді нокаутқа түсіріп қашып кеткен. Оған іздеу жарияланды Сурет: roundbyroundboxing.com

Жеңіл салмақта IBF белбеуінің бұрынғы иегері америкалық кіші Роберт Истерге (23-1-1, 14 KO) Толедо (Огайо штаты, АҚШ) қаласында өз үйінің жанында әйел адамды бір ұрып, нокаутқа түсіргеннен кейін іздеу салынды. Бұл туралы Fansided.com хабарлады. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, 30 жастағы Истерді Толедоның полициясы іздеп жатыр. Оның үстіне әйел адам шағым түсірген. Жәбірленушінің айтуынша, боксшы өткен сенбі күні бетінен ұрған. 

Сондай-ақ жәбірленуші ауыр соққыдан кейін есінен танып қалған. Оның ерні жырылып, тісі сынған. 

Айта кетейік, Истер 2016 және 2018 жылдары IBF белбеуінің иегері болған. Ол соңғы рет ақпан айында отандасы Райан Мартинге қарсы кездесу өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жеткен. Ал IBF белбеуінен ол 2018 жылы Майки Гарсияға қарсы кездесуде айырылған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!