Профи-бокс
2 маусым 2017 14:17
 
Бокс ММА-дің ешқандай жұлдызын қажет етпейді - Мигель Котто

  Пікірлер

blog.share

Бокс ММА-дің ешқандай жұлдызын қажет етпейді - Мигель Котто © Allboxing

Төрт салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Мигельь Котто америкалық боксшы Флойд Мевезер мен UFC жұлдызы Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жекке қарсы шықты, - деп хабарлайды boxingscene.com.

"Бокс ММА-дің ешқандай жұлдызын қажет етпейді, Ал ММА-ге ешқандай боксшының керегі жоқ. Боксты алға жетелейтін жұлдыздар жеткілікті", - дейді Котто.

Айта кетейік, тамыздың жиырма алтысы АҚШ-та Котто жапониялық Йосихиро Камегамен орта салмақтағы WBO белбеуі үшін жұдырықтасады.

Еске салайық, Мейвезер мен МакГрегор қыркүйекте жекпе-жек өткізуі мүмкін екені айтылып жүр, алайда, келісімшартқа әзірге ирландиялық файтер ғана қол қойыпты. Әзірге олардың жекпе-жегі өтетін күн де белгіленген жоқ. UFC президенті Дана Уайт бұл шоуды 16 қыркүйекте өткізуді жоспарлаған екен. Алайда бұл күнді мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин жекпе-жек күні етіп таңдағандықтан, басқа күнге қоятындарын айтты.

Жарнама

Живи спортом!