Профи-бокс
21 шілде 2017 11:59
 
Бобыржан Момынов "Канеломен" таныстығы туралы айтып берді

  Пікірлер

blog.share

Бобыржан Момынов "Канеломен" таныстығы туралы айтып берді

Қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов Vesti.kz порталының тілшісіне Сауль "Канело" Альвареспен өтіп жатқан жаттығу жұмыстары туралы айтып берді. 

- Альварестің жаттығу лагеріне келерге дейін мен мұндай деңгей жеткен боксшылар жабық әрі көп сөйлеспейтін шығар деп ойладым. Бірақ жаттығу залына келгенде таң қалып қалдым. Мұнда барлық жігіттер қарапайым әрі досжанды екенін көрдім. Қазір біз жаттығу жұмыстарына кірісіп кеттік. Ол да (Альварес) бізбен бірге жаттығу жасап жатыр. Біз онымен тек спарринг өткіземіз. Басқа кезде ол бөлек жаттығады. Сондықтан да біз оны көп көрмейміз. Тек сейсенбі, бейсенбі және сенбі күні көреміз. Бұл күндері спарринг өтеді. 

Өткен сейсенбі күні бірінші спарринг өтті. Барлығы жақсы өтті. Көңілімнен шықты. "Канелоның" командасына да барлығы ұнады. Дегенмен біздің жаттығуларымыз енді басталып жатыр. Енді алдағы уақытта жаттығу тек күшейе береді. Біз Саульге көмектесуге келдік. Сондықтан да оның командасының айтқаны бойынша жұмыс істейміз. Бірінші күні орташа қарқында жұдырықтастық. 

Мен бұған дейін Альваресті жұлдыз деп ойлаған едім. Бірақ ол өте қарапайым адам. Жекпе-жек кезінде бізден де көп соққы өткізеді. Маған мұндай жағдайда жұмыс істеу ұнайды. Қазіргі уақытта көптеген жанкүйерлер мені Альвареске Головкинді жеңу үшін көмектесіп жатыр деп айыптап жатыр. Негізі ол менен емес, мен одан көп нәрсе үйреніп жүрмін. Тәжірибе алмасып жатырмыз. Оның тәжірибесі көп. Кәсіпқой бокста 50-ден көп жекпе-жек өткізген. Ал мен бар болғаны үш кездесу өткізгенмін. Жаратушымның мұндай мүмкіндік бергеніне қатты қуаныштымын. Бірақ жеке өз басым Головкинге жанкүйермін. 

- Ал сіздің жеке жаттығу кестеңіз қандай? Сол туралы айтып берсеңіз ...

- Таңғы сегізде тұрамыз. Біз мұхиттың жанында тұрамыз.  Содан соң грузиялық әріптесім екеуміз денемізді шынықтырып аламыз. Күннің екінші бөлігінде залға барып, мексикалық бапкермен жұмыс істейміз. Бізге ол бапкерді "Канелоның" командасы берді. Қапшық ұрамыз. Ал спаррингтің уақытын Альварестің командасы ыңғайларына қарап бекітеді. 

Келесі күні де дәл солай. Алдымен өзіміз жаттығамыз. Ал бейсенбі күні спарринг. Міне, осылай дайындалып жатырмыз. Альварес болса жабық жерде жаттығады. Біз тек спарринг кезінде кездесеміз. Бірақ бізге жасаған жағдайдың барлығы көңілімізден шығады. Пәтер мен көлік жалдап берді. Джо Варгас деген бапкер берді бізге. Жақсылап жаттығу жасау үшін барлық жағдай жасалған. Біз тек "Канелоның" дайындығына дұрыстап көмектесуіміз керек. 

Еске салайық, бұған дейін 25 жастағы қазақстандық боксшы Бобыржан Момыновтың (3-0-0, 2 КО) мексикалық Альварестің Головкинге қарсы жаттығуна көмектесуге шақырту алғаны белгілі болған еді. Боксшының менеджері Фархад Шариповтың айтуынша, егер оның клиенті "Канеломен" жақсы жаттығу жұмыстарын өткізсе, Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы оған келісімшарт ұсынып қалуы мүмкін екенін айтта. 

Жарнама

Живи спортом!