Профи-бокс
5 желтоқсан 2017 11:40
 
Боб Арум Василий Ломаченконың жаңа салмаққа ауысатыны туралы айтты

  Пікірлер

blog.share

Боб Арум Василий Ломаченконың жаңа салмаққа ауысатыны туралы айтты ©: boxingscene.com

9 желтоқсан күні Madison Square Garden спорт кешенінде кубалық Гильермо Ригондоға қарсы кездесу украиналық боксшы Василий Ломаченко үшін бірінші жеңіл салмақтағы соңғы кездесуі болуы мүмкін. Бұл туралы AllBoxing.Ru порталы хабарлап отыр. 

Украиналық боксшының промоутері Боб Арумның айтуынша, 2018 жылы Ломаченко чемпиондық атаққа таласу үшін жеңіл салмаққа ауысуы мүмкін екен. 

Сонымен қатар Арум кәсіпқой бокста Ломаченконы жеңген жалғыз боксшы Орландо Салидомен екінші кездесудің өтуі ықтимал екенін де айтты. Қалай болғанда да промоутер Салидоға жақын арада бұл туралы ұсыныс жасайды екен. 

"Менің ойымша, Салидо Ломаченкомен екінші рет кездескісі келмейді. Өйткені, біз ұсыныс жасаған кезде ол қыруар сыйақы талап етеді. Ал мен ол соммаға келіскен кезде, ол сыйақыны тағы да ұлғайта түседі", - дейді Арум. 

Айта кетейік, Ломаченко бұған дейін де салмақ дәрежесін өзгерткен болатын. Бұған дейін ол жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетіп, WBO (2014—2016) белбеуін иеленген. Қазір екінші жеңіл салмақта осы белбеудің иегері. 

Жарнама

Живи спортом!