Профи-бокс
30 қаңтар 2018 16:19
 
Боб Арум Ломаченко мен Линарес арасындағы жекпе-жектің өтетін күнін таңдады

  Пікірлер

blog.share

Боб Арум Ломаченко мен Линарес арасындағы жекпе-жектің өтетін күнін таңдады Василий Ломаченко және Боб Арум. Сурет: allboxing.ru

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум бірінші жеңіл салмақтағы WBO белбеуінің иегері Василий Ломаченко (10-1, 8 КО) мен жеңіл салмақта WBA чемпионы Хорхе Линарес (44-3, 27 КО) арасындағы кездесуді ұйымдастыруға ешқандай кедергі жоқ екенін айтты. Промоутер жақын арада келіссөз бастауға дайын. Бұл туралы AllBoxing.Ru хабарлайды. 

"Келіссөз әлі басталған жоқ. Өйткені, біз Линарестің сау екенін толық анықтап алуымыз керек: [Мерсито Гестаға] қарсы кездесуде ол қабағын жарып, қолынан жарақат алып қалған болатын. Сондықтан да біз келіссөзді бастай алмай отырмыз", - деп келтіреді Арумның сөзін Boxingscene.com порталы. 

Арумның айтуынша, бұл кездесу үшін ол Линарестің жапониялық промоутерлері Teiken Promotions компаниясымен келіссөз жүргізеді екен. "Жапондықтар жекпе-жекті ұйымдастыруға дайын. Біз Линарестің денсаулығы туралы мәлімет алған соң, промоутерлік компанияның басшысы Акихико Хондамен келіссөз бастаймыз. Оның өзі бірінші болып Ломаченко - Линарес кездесуін ұйымдастыруды ұсынды. Біз онымен сөйлесіп алып, Golden Boy промоутерлік компаниясына шығамыз. Жекпе-жек 23 сәуір немесе 12 мамыр күні өтуі мүмкін. Шамамен 12 мамырда өтетін шығар", - дейді Арум. 

Жарнама

Живи спортом!