Профи-бокс
2 маусым 2022 14:16
 
Бивол "Канело" неге реваншты емес Головкинмен үшінші кездесуді таңдағанын түсіндірді

  Пікірлер

blog.share

Бивол "Канело" неге реваншты емес Головкинмен үшінші кездесуді таңдағанын түсіндірді ©Reuters

Жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік боксшы Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО)  мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жеңілістен кейін есін жиып алу үшін реванштан бас тартып, қазақстандық Генндий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) кездесуге келісім бергенін айтты. 

Еске салайық, Альварес пен Головкин арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйек күні өтеді. 

"Менің ойымша, "Канелода" екі келісімшарт болды. Біріншісі менімен кездесу. Екіншісі Головкинмен. Ол маған қарсы кездесуден кейін демалу керек болды. Сараптау да қажет. Мүмкін Альварес пен оның командасы дұрыс шешім шығарған шығар. Енді ол басқа жерде жұдырықтасып, ойланып алуына мүмкіндік болады. 

Дегенмен мен Головкиннің деңгейі де төмен деп айта алмаймын. Қазақстандық боксшы да келісімшарт бойынша кездесу өткізуді талап етті. Ал қазір бұл келісімшартпен Головкин қолданып қалмаса, кейін мұндай мүмкіндік болмайды", - деп келтіреді Биволдың сөзін Fightnews.info порталы. 

Айта кетейік, "Канело" мен Бивол арасындағы жекпе-жек 8-мамыр күні өтті. 12 раундтың қорытындысы бойынша бұл кездесуде төрешілер жеңісті ресейлік боксшыға берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!