Кәсіпқой бокс
27 маусым 2017 14:03
 
Бейбіт Шүменов бокстан кеткеніне байланысты пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

Бейбіт Шүменов бокстан кеткеніне байланысты пікір білдірді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов (17-2, 11КО) үлкен спорттан не үшін кеткенін түсіндірді.

33 жастағы Шүменов карьерасында Габриэль Кампильо, Байрон Митчелл, Уильям Джоппи, Монтелл Гриффин сынды мықты боксшыларды жеңген.

"Өкінішке қарай, WBA титулынан бас тартып, көзімнің жарақатыма байланысты бокстан кетуге мәжбүр болдым. Спорттан осылай кеткеніме өкінемін. Бірақ спортта жарақат алу жиі кездеседі. Қазір көзім нашар көреді. Келесі айда тағы бір ота жасату қажет. Маған қолдау көрсеткен отбасыма, командама, достарыма және жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Көп жылдар бойы WBA чемпионы болғанымды мақтан тұтамын. Енді бар уақытымды отбасыма арнаймын", - деді Шүменов BoxingScene сайтына.

Есте салайқ, қазақстандық боксшы кубалық Юниер Дортикосқа қарсы жекпе-жек алдында көзін жарақаттап алған болатын. Дәрігерлер Шүменовке кәсіпқой мансабын жалғастыруға рұқсат бермеді.

Жарнама

Живи спортом!