Бетербиев "Канело" мен Головкиннің бірінші айқасына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Ресейлік боксшы Артур Бетербиев (18-0, 18 КО) орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы бірінші кездесуге қатысты пікірін білдірді, деп жазады Fightnews.info.

Еске салайық, бұл боксшылар арасындағы бірінші кездесу 2017 жылы Лас-Вегаста, екінші кездесу 2018 жылы дәл осы қалада өткен еді. Енді боксшылар үшінші мәрте осы жерден 17 қыркүйек күні кездеседі.
"Маған "Канелоның" жұдырықтасу мәнері ұнайды. Оның техникасы мықты. Лайықты түрде pound-for-pound рейтингінде көш бастады. Мен оның Головкинмен бірінші кездесуін көрдім. Күмәнді кездесу. Головкин жеңген сияқты болды", - деді Бетербиев.
Жарнама