Кәсіпқой бокс
24 қыркүйек 2017 11:31
 

Белгілі сарапшы Головкиннің "Канеломен" тең түсуіне басты кінәлі адамды атап берді

  Пікірлер

blog.share

Белгілі сарапшы Головкиннің "Канеломен" тең түсуіне басты кінәлі адамды атап берді

ESPN спорт телеарнасының сарапшысы, америкалық белгілі спорт шолушысы Дэн Рафаэль Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегіндегі тең нәтижеге кімнің кінәлі екенін атап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

ESPN спорт телеарнасының сарапшысы, америкалық белгілі спорт шолушысы Дэн Рафаэль Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегіндегі тең нәтижеге кімнің кінәлі екенін атап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, судья жазбалары бойынша рефери Аделаида Берд 118-110 деген ұпайларды Альварестің пайдасына, Дэйв Моретти 115-113 деген ұпайларды Головкиннің пайдасына беріп, ал үшінші Дон Трелла 114-114 деген тең ұпай көрсеткен болатын.  


© Twitter

Лас-Вегастағы кездесуден кейін сын Бердке қарша борады. Бокссүйер қауым оны өмір бойына төрелік етуден алып тастауды талап етті. Алайда Рафаэльдің пікірінше, тең нәтиженің негізгі кілтипаны жетінші раундта "Канело" жеңді деген Трелланың картасында болып отыр. Ал бұл раундты Берд пен Мореттидің өзі Головкинге берген. 

Сарапшының айтуынша, Трелла бұл раундқа дұрыс баға берсе, Головкин төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз атанар еді. Рафаэльдің өзі 116-112 есебімен GGG жеңді деп отыр. 


© The Day

Сондай-ақ, Дэн Рафаэль мексикалықпен жұдырықтасқаннан кейін қазақстандық әлем чемпионының әлсіз тұстарын көрсетіп берді дегенге қатысты пікір білдірді. Қолданушылардың бірі қойған "Головкин әлсірей бастады ма?" деген сұраққа ол былай деп жауап қатты: "Келісемін. Головкин 35-те, әуесқойда 350- жекпе-жек, ал профиде 38 кездесу өткізді. Бұл қалыпты жәйт". 


Дэн Рафаэль Геннадий Головкиннен сұхбат алып тұр. © Twitter


Дэйв Моретти. © BoxRec


Аделаида Берд. © BoxRec

Алайда Трелланың тарапынан қателік көрдім деп отырған бірінші сарапшы емес. Мұның алдында Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум мен Los Angeles Times журналисі Анхель Родригес Трелланың жетінші раундта "Канело" жеңіске жетті деп шешім шығарғанына назар аударған болатын. Қазақстандықтың промоутері Том Леффлер тең нәтиже көрсеткен рефериді жауапқа тартуға шақырды.

Жарнама

Живи спортом!