Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) мексикалық Сауль Альваресті (53-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегі үшін сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұған дейін Альварес 24 мамырда Жапонияда Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жұдырықтасады деген мәлімет шыққан. Бұл мәлімет кейін қауесет екені айтылған.
Сондерстің пікірінше, Мурата "Канелоға" лайық қарсылас емес. Бұған дейін Сондерс Альварестің ықтимал қарсыласы атанған болатын.
"DAZN-ға соған қарап, "Жоғал, сары ақымақ" деп айту керек. Белбеуіңді қоқыс жәшігіне таста", - деді Сондерс.
Еске салайық, Альваресте қазір орта салмақта WBC (Franchise) және WBA (Super), аекінші орта салмақта WBA (Regular) белбеуі бар.