Профи-бокс
1 наурыз 2017 12:23
 

Бекман Сойлыбаевтың қарсыласы ауысты

  Пікірлер

blog.share

Бекман Сойлыбаевтың қарсыласы ауысты ©BNews.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаевтың қарсыласы ауысты. Қазақ боксшысы 10 наурыз күні АҚШ-тың Тустин қаласында жұдырықтасады.

Әу баста "Diamond Ring" промоутерлік компаниясының былғары қолғап шебері мексикалық Марио Антонио Масиаспен жұдырықтасады деп күтілген. Алайда, 10 наурыз күні шаршы алаңға Сойлыбаевқа қарсы Мексиканың басқа өкілі Герман Мераздың шығатыны белгілі болды.

"Шынымды айтсам, бұл қарсыласым жайлы әлі нақты ешнәрсе білмеймін. Дегенмен, Boxrec сайтындағы статистикасын көріп, таңғалдым. 30 жаста екен. Бірақ, кәсіпқой бокста 99 жекпе-жек өткізіп үлгеріпті. Мен оның жүзінші қарсыласы боламын. Сондықтан, тәжірибесі баршылық екені айтпаса да түсінікті. Жақында ол жайлы материалдар жинап, айқасқа аз күн қалғанда әлсіз және мықты тұстарын толық зерттеп үлгереміз деп ойлаймын", -  деді Бекман Сойлыбаев.

Айта кетейік, кәсіпқой бокстағы карьерасын 2005 жылы бастаған Герман Мераз шаршы алаңда 99 жекпе-жек өткізіп, соның 55-інде жеңіске жеткен.

Қазіргі уақытта Бекман Сойлыбаев Лос-Анджлес қаласында Wild Card West жаттығу залында америкалық Эрик Браунның қол астында жаттығу жасап жатыр. Кәсіпқой бокста отандасымыз 9 кездесу өткізіп, оның төртеуінде қарсыластарын сұлатып салған.


blog.share
Қазақстандық
кәсіпқой
боксшы
Бекман
Сойлыбаевтың
қарсыласы
ауысты.
Қазақ
боксшысы
10
наурыз
күні
АҚШ-тың
Тустин
қаласында
жұдырықтасады.
/>
/> Әу
баста
"Diamond
Ring"
промоутерлік
компаниясының
былғары
қолғап
шебері
мексикалық
Марио
Антонио
Масиаспен
жұдырықтасады
деп
күтілген.
Алайда,
10
наурыз
күні
шаршы
алаңға
Сойлыбаевқа
қарсы
Мексиканың
басқа
өкілі
Герман
Мераздың
шығатыны
белгілі
болды.
/>
/> "Шынымды
айтсам,
бұл
қарсыласым
жайлы
әлі
нақты
ешнәрсе
білмеймін.
Дегенмен,
Boxrec
сайтындағы
статистикасын
көріп,
таңғалдым.
30
жаста
екен.
Бірақ,
кәсіпқой
бокста
99
жекпе-жек
өткізіп
үлгеріпті.
Мен
оның
жүзінші
қарсыласы
боламын.
Сондықтан,
тәжірибесі
баршылық
екені
айтпаса
да
түсінікті.
Жақында
ол
жайлы
материалдар
жинап,
айқасқа
аз
күн
қалғанда
әлсіз
және
мықты
тұстарын
толық
зерттеп
үлгереміз
деп
ойлаймын",
-
 деді
Бекман
Сойлыбаев.
/>
/> Айта
кетейік,
кәсіпқой
бокстағы
карьерасын
2005
жылы
бастаған
Герман
Мераз
шаршы
алаңда
99
жекпе-жек
өткізіп,
соның
55-інде
жеңіске
жеткен.
/>
/> Қазіргі
уақытта
Бекман
Сойлыбаев
Лос-Анджлес
қаласында
Wild
Card
West
жаттығу
залында
америкалық
Эрик
Браунның
қол
астында
жаттығу
жасап
жатыр.
Кәсіпқой
бокста
отандасымыз
9
кездесу
өткізіп,
оның
төртеуінде
қарсыластарын
сұлатып
салған.
/>
/>
/>
Бекман Сойлыбаев Бокс

Жарнама

Живи спортом!