Батыр Жүкембаевтың келесі жекпе-жегінің уақыты айтылды

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) шаршы алаңға жазда оралады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне дереккөз айтып берді.
Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) шаршы алаңға жазда оралады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне дереккөз айтып берді.
Боксшының менеджері айтқан ақпарат бойынша, қазір келіссөз жүріп жатыр екен. Кездесудің нақты қашан өтетіні белгісіз. Бірақ жекпе-жек АҚШ жерінде өтуі мүмкін.
Айта кетейік, Жүкембаевты АҚШ жерінде WBC белбеуінің иегері мексикалық Оскар Вальдес (30-0, 23 КО) пен WBO белбеуінің иегері америкалық Шакур Стивенсон (17-0, 9 КО) арасындағы айқастың андеркартында өнер көрсетеді деген ақпарат шыққан еді. Алайда, қазақстандық боксшының командасы ұйымдастырушылардан ресми ұсыныс алмаған.
Еске салайық, Жүкембаев соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында өткізіп, мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті (28-11, 20 KO) жеңді. Бұл кездесу Монреаль (Канада) қаласында өтіп, алты раундқа жоспарланған болатын. Батыр 69-секундта қарсыласын нокаутқа түсірген еді.
Жарнама