Батыр Жүкембаевтың жекпе-жегі кейінге шегерілді

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-1, 14 КО) 11 желтоқсан күні АҚШ жерінде өтетін жекпе-жектен бас тартты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-1, 14 КО) 11 желтоқсан күні АҚШ жерінде өтетін жекпе-жектен бас тартты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Отандасымыз енді басқа жекпе-жек кешінде өнер көрсететін болды.
Спрингфилд қаласындағы кеште 30 жастағы Жүкембаев мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альвареспен (28-10, 20 КО) кездесуі керек еді. Енді бұл кездесу Канадада өтетін болды.
Қарсыластар 17 желтоқсан күні Монреаль қаласында жолығады. Бұл жекпе-жек кешінің басты айқасында жартылай ауыр салмақта IBF және WBC белбеулерінің иегері ресейлік Артур Бетербиев (16-0, 16 КО) америкалық Маркус Браунмен (24-1, 16 КО) кездеседі.
Жарнама