Кәсіпқой бокста бірінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (15-0, 13 КО) Алматыда үйленді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Спортшының жары - Тараз қаласының тумасы Гауһар есімді қыз. Салтанатты неке қию рәсімі Алматыда өтті.
Кәсіпқой бокста Жүкембаев 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап өнер көрсетіп келеді және ол барлық жекпе-жектерін Канадада өткізді. Оның мүддесін Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы қорғайды. 18 мамырда Канаданың Монреал қаласында өткен бокс кешінде Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалесті (13-6, 6 КО) мерзімінен бұрын жеңді. Осы жетістіктің арқасында қазақстандық боксшы алты сатыға көтеріліп, өз дивизионының рейтингісінде үздік 20-ға жақындады.