Профи-бокс
30 қаңтар 2018 11:15
 
Батыр Жүкембаев Мейвезер, Котто, Цзю және Ханның бұрынғы қарсыласымен кездесуі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Батыр Жүкембаев Мейвезер, Котто, Цзю және Ханның бұрынғы қарсыласымен кездесуі мүмкін ©: Bob Levesque©/Photozone

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (9 КО, 11-0) бұрынғы әлем чемпионы америкалық Заб Джудамен (30 КО 44-9) кездесу өткізуі мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне отандасымыздық менеджері Анна Рева айтып берді

"Біз Джудоны жекпе-жекке шақырып,  келесі кездесуін Батыр Жүкембаевпен өткізуді ұсындық" -деді Рева.

Заб Джуда мен Батыр Жүкембаев арасындағы кездесу наурыз айында Монреалда өтуі мүмкін. Бірақ әлі америкалық боксшы тарапынан жауап болған жоқ.

40 жастағы Джуда кәсіпқой бокста бірінші кездесуін 1996 жылы қыркүйек айында өткізген. Бұрын Джуда екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған. Оның қарсыластарының арасында кіші Флойд Мейвезер, Кори Спинкс, Амир Хан, Мигель Котто және Костя Цзю сияқты атақты боксшылар болған.

2017 жылы Джуда төрт жыл демалыстан кейін боксқа қайта оралды. Өткен жылы бұрынғы қарсыласы Мейвезерге UFC чемпионы  Конор МакГрегормен өтетін жекпе-жекке дайындалуға көмектесті. Шет елдің басылымдардың мәліметі бойынша, бұл дайындық кезінде Джуда Мейвезерді нокаутқа түсіріп, қатты ашуландырған.

26 жастағы Жүкембаев кәсіпқой бірінші кездесуін 2015 жылы өткізген. Оның барлық 11 кездесуі Канадада өткен. Отандасымыз 2017 жылы карьерасында IBO International дәрежесі бойынша бірінші чемпиондық белбеуін жеңіп алған болатын.

Жарнама

Живи спортом!