Профи-бокс
20 қазан 2020 16:06
 
Барлық кездесулерін нокаутпен жеңген ауыр салмақтағы боксшымыз келесі кездесуін Қазақстанда өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Барлық кездесулерін нокаутпен жеңген ауыр салмақтағы боксшымыз келесі кездесуін Қазақстанда өткізеді Сурет: The Heavyweight Factory©

Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Иван Дычко (9-0, 9 КО) кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін Қазақстанда өткізуі мүмкін. Бұл жекпе-жек қазан немесе қараша айында болады. Vesti.kz порталына белгілі болғандай, Дычконың Қазақстанда кездесу өткізуіне COVID-19 себеп болған. 

Боксшының менеджері Зия Алиевтің бұған дейін айтқан ақпараты бойынша, Дычконың келесі кездесуі Еуропа немесе Қазақстанда өтуі керек еді. Енді кездесу Қазақстанда өтетін болды. Себебі, қазір Еуропа елдерінде коронавирус қайта өршіп жатыр. Оның үстіне Иван қазір дайындығын Қазақстанда өткізуде. 

Желтоқсан айында Дычко тағы бір кездесу өткізеді. Ол жекпе-жек АҚШ-та өтеді деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, Дычко кәсіпқой боксшы ретінде Қазақстанда бірінші рет кездесу өткізейін деп жатыр. Бұған дейін ол айқастарын АҚШ-та өткізіп, тоғыз кездесудің барлығында қарсыласын нокаутпен жеңген. 

Еске салайық, Дычко соңғы кездесуін өткен жылдың шілде айында өткізіп, америкалық Нэйт Хэвеннен үстем түсті. 

Жарнама

Живи спортом!