Профи-бокс
22 қыркүйек 2018 14:11
 
Бапкер: Энтони Джошуа - жақсы боксшы, алайда психикасы мықты емес

  Пікірлер

blog.share

Бапкер:  Энтони Джошуа - жақсы боксшы, алайда психикасы мықты емес © Sportbox

Ресейлік танымал бапкер Александр Зимин әлем чемпионы Энтони Джошуа мен Александр Поветкин арасында өтетін жекпе-жек туралы өз ойын білдірді. 

"Алыстан соққы жұмсау арқылы бұл қарсыласты ала алмайсың. Британиялықтың бойының ұзындығы мен құлаштап соққы жұмсауы керемет. Александрға шаршы алаңға шыққан бетте жақын ара-қашықтықта жұдырықтасқаны дұрыс. Себебі осы комбинацияда ол қарсыластарына көбірек қауіп төндіреді. Бұл жерде дәл соққыларға назар аударып, қайталама соққыларды үдету қажет. 

Энтони Джошуа - жақсы боксшы, алайда психикасы мықты емес. Егер Саша техникалық тактиканы сәтті пайдаланатын болса, ол кездесуді өз пайдасына шешетін болады", - дейді Зимин. 

Энтони Джошуа мен Александр Поветкин арасындағы жекпе-жек 22 қыркүйекте Лондонның "Уэмбли" аренасында кәсіпқой бокс кеші аясында өтеді. 

Жарнама

Живи спортом!