Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында Қанат Исламның кездесуінен алған әсерімен бөлісіп, боксшымен түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қанат Ислам бірінші орта салмақтағы WBO International белбеуі үшін намибиялық боксшы Уолтер Каутондоквамен жұдырықтасты. Оңайға соқпаған 10 раундтық жекпе-жек пен жанкүйерлердің толқынысы. Бірақ Қанат жеңіске деген жігері мен қайтпас қайсар мінезін көрсете білді. 27-жеңіс құтты болсын, Чемпион!", - деп жазды Сағынтаев.
Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)
26 Окт 2019 в 9:44 PDTАлматыда Балуан шолақ атындағы спорт сарайында өткен бокс кешінде олар қос боксшы WBO International белбеуі үшін жекпе-жекке шықты. 10 раундқа созылған жұдырықтасу қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті Канат Исламға берді.