Профи-бокс
26 ақпан 2018 18:05
 
Бақтияр Артаев Қанат Исламның жаңа промоутермен келісімшарты жайлы пікірін білдірді

  Пікірлер

blog.share

Афина Олимпиадасының чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев кәсіпқой боксшы Қанат Исламның жаңа менеджермен келісімшартқа отыруы туралы пікірін білдірді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бүгін жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген Қанат «QAZAQ» Ислам 2017 жылдың ең үздік менеджері Эгис Климаспен келісімшартқа отырды. Осы орайда, танымал боксшы Бақтияр Артаевтың пікірін білген едік. Бақтияр өз сөзінде: «Қазір, бұл келісімшарт қаншалықты жақсы не жаман екенін дөп басып айта алмаймын. Өйткені, мен қандай мәселелер қарастырылғанын білмеймін. Десек те, Қанат бауырымызға жаңа белестерді бағындырып, чемпиондық атаққа қол жеткізуіне тілекшіміз», – дейді Артаев.

Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіпқой бокстың жарқын жұлдызына айналған Сергей Ковалев, Александр Усик, Василий Ломаченко сынды боксшылармен жұмыс істейтін Эгис Климаспен келісімшартқа отырды. Қазір отандасымыз Американың Калифорния штатында жаттығу жұмыстарын бастап кетті.

Жарнама

Живи спортом!