Профи-бокс
22 шілде 2020 09:32
 
Әйгілі Рой Джонс осы күзде Майк Тайсонмен жекпе-жекке шығуы ықтимал

  Пікірлер

blog.share

Әйгілі Рой Джонс осы күзде Майк Тайсонмен жекпе-жекке шығуы ықтимал

Ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсон отандасы, бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Рой Джонспен жекпе-жек өткізетін болды. 

Шолушы Брайан Томас Абкердің ақпараты бойынша, екі боксшының командасы келіссөз жүргізіп жатыр. Жекпе-жек қыркүйек айында АҚШ-та өтуі мүмкін. 

"Спорт-Экспресс" басылымына берген сұқбатында Джонстың өзі мұндай ұсыныс түскенін айтып, ойланбастан қабылдағанын растады. Оның айтуынша, ол рингке қайта оралуды жоспарламаған екен, бірақ Тайсонмен кездесу үшін қайта оралуға дайын. 

Еске салайық, Майк Тайсон кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін 2005 жылы Кевин Макбрайдқа қарсы өткізіп, жеңіліп қалды. Жуырда ол бірнеше кездесу өткізу үшін рингке қайта оралатын хабарлап, керемет физикалық бабында екенін көрсетіп бірнеше видеомен бөлісті. 

Ал Рой Джонс болса соңғы кездесуін 2018 жылы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша Скотт Сигмоннан үстем түсті. 

Жарнама

Живи спортом!