Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канеломен" Альвареспен (16-0, 11 КО) жаттығу кезінде қандай ерекшеліктер болып жатқанын айтты. Vesti.kz тілшісімен болған сұқбатта ол алдағы кездесуінің қайда өтетінін де мәлімдеді.
- Жаттығу жұмыстамырыз жақсы өтуде. Жаңа элементтерді тексеріп көрудеміз. "Канеломен" бірнеше спарринг өткіздік. Бірінші күннен оңай тіл табысып кеттік. Ол да біз секілді қарапайым адам. Бірақ ол шынымен ерекше талантты боксшы. Оның соққылары ауыр әрі жылдам. Қорғанысы мықты. Соққы көтере алады. Жаттығу кезінде де көп жұмыс істеуде. Жеке өз басым оны қарапайым әрі адал адам ретінде таныдым. Артық ештеңе айтпайды. Өзін нағыз ер екенін көрсетуде.
- Сіздің келесі кездесуіңіз қашан өтеді?
- Келесі кездесуді АҚШ жерінде өткізуді ойластырып отырмыз. Бірақ нақты қашан екені белгісіз. Бүгінде келіссөз өтуде. Мен кез-келген қарсыласпен кездесуге дайынмын. Басты мақсатым - әлем чемпионы болу. Қазір мен міндетті қарсыласпын. Енді мен қарсыласымды жеңіп, чемпиондық атақты алып алайын. Содан кейін тағы белестер шыға береді.
Айта кетейік, бүгінде Ербосынұлы "Канелоға" 7 мамыр күні өтетін WBA чемпионы ресейлік Дмитрий Биволға (19-0, 11 КО) қарсы кездесуге дайындалуға көмектесуде.
Ал Ербосынұлының өзі кубалық Давид Морреллмен (6-0, 5 КО) кездесуі керек.