Профи-бокс
20 қараша 2017 17:03
 

Айдар Шәрібаевтың спарринг-қарсыласы Юриоркис Гамбоа Джейсон Сосамен жекпе-жек өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Айдар Шәрібаевтың спарринг-қарсыласы Юриоркис Гамбоа Джейсон Сосамен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаевтың спарринг-қарсыласы кубалық Юриоркис Гамбоа (27-2, 17КО) 25 қарашада Нью-Йоркте америкалық Джейсон Сосаға (20-2, 15КО) қарсы шаршы алаңға шығады.

Юриоркис Гамбоа көктемде Майамиде өткен оқу-жаттығу жиынында Айдар Шәрібаевтың спарринг-қарсыласы болып, Diamond Ring боксшысының кезекті жекпе-жегіне дайындалуына көмектескен. Жалпы, Гамбоа 2004 Афины Олимпиадасының жеңімпазы, 2005 жылы Қытайда өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген.

"Гамбоамен болған спаррингтен кейін өзімнің әлем чемпионы атағына таласа алатындығыма сенімді болдым. Ол өте мықты боксшы. Менімен тағы да қуана спарринг өткізуге келісетінін айтып, мені "қазақтың айғыры" деді. Бәлкім, менің етті көп жейтіндігімді және шаршы алаңдағы шыдамдылығымды меңзеген шығар", – дейді Айдар.

Гамбоа мен Соса арасындағы жекпе-жек Нью-Йорктің "Мэдиссон Сквер Гарден" кешенінде өтеді. Бұл кубалықтың биылдыққа төртінші айқасы. Бұған дейінгі үшеуінің екеуінде жеңіске жетіп, біреуінде ұтылып қалған. Ал Джейсон Соса соңғы рет шаршы алаңға көктемде украиналық Василий Ломаченкоға қарсы шығып, 12 раундтың қорытындысы бойынша жеңіліп қалған.

blog.share
Қазақстандық
кәсіпқой
боксшы
Айдар
Шәрібаевтың
спарринг-қарсыласы
кубалық
Юриоркис
Гамбоа
(27-2,
17КО)
25
қарашада
Нью-Йоркте
америкалық
Джейсон
Сосаға
(20-2,
15КО)
қарсы
шаршы
алаңға
шығады.
/>
/> Юриоркис
Гамбоа
көктемде
Майамиде
өткен
оқу-жаттығу
жиынында
Айдар
Шәрібаевтың
спарринг-қарсыласы
болып,
Diamond
Ring
боксшысының
кезекті
жекпе-жегіне
дайындалуына
көмектескен.
Жалпы,
Гамбоа
2004
Афины
Олимпиадасының
жеңімпазы,
2005
жылы
Қытайда
өткен
әлем
чемпионатында
қола
жүлдеге
қол
жеткізген.
/>
/> "Гамбоамен
болған
спаррингтен
кейін
өзімнің
әлем
чемпионы
атағына
таласа
алатындығыма
сенімді
болдым.
Ол
өте
мықты
боксшы.
Менімен
тағы
да
қуана
спарринг
өткізуге
келісетінін
айтып,
мені
"қазақтың
айғыры"
деді.
Бәлкім,
менің
етті
көп
жейтіндігімді
және
шаршы
алаңдағы
шыдамдылығымды
меңзеген
шығар",
дейді
Айдар.
/>
/> Гамбоа
мен
Соса
арасындағы
жекпе-жек
Нью-Йорктің
"Мэдиссон
Сквер
Гарден"
кешенінде
өтеді.
Бұл
кубалықтың
биылдыққа
төртінші
айқасы.
Бұған
дейінгі
үшеуінің
екеуінде
жеңіске
жетіп,
біреуінде
ұтылып
қалған.
Ал
Джейсон
Соса
соңғы
рет
шаршы
алаңға
көктемде
украиналық
Василий
Ломаченкоға
қарсы
шығып,
12
раундтың
қорытындысы
бойынша
жеңіліп
қалған.
Айдар Шәрібаев Кәсіпқой бокс

Жарнама

Живи спортом!