Профи-бокс
30 наурыз 2017 19:05
 
Астанадағы бокс кешінде Қанат Ислам WBC тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

9 қыркүйекте елордамыз Астанада ұйымдастырылып жатқан бокс кешінде бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, жеңіліп көрмеген Қанат Ислам 23-0, 19КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) белбеуі үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы Профи Бокс Казахстана парақшасы хабарлайды. 

Қазақстандық боксшы қазіргі уақытта өз салмағында үздік 15 боксшының қатарына кірмейді. Сондықтан да Ислам бұл бокс кешінің алдында АҚШ-та WBC ұйымының аймақтық не құрлықтық белбеуі үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін. Содан кейін елорда төрінде отандасымыз WBC тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа таласуға мүмкіндік алады. 

Бірінші орта салмақта WBC тұжырымының чемпионы 26 жастағы америкалық Джермелл Чарло (28-0, 13КО). Ол 22 сәуір күні Бруклин қаласында (АҚШ, Нью-Йорк штаты) отандасы Чарльз Хатлиге (26-1-1, 18КО) қарсы жекпе-жекте атағын қорғайды. 

Жарнама

Живи спортом!