Профи-бокс
14 шілде 2017 13:46
 
"Астана арландары" мен "Куба қабыландары" боксшылары салмақ өлшеу кезінде төбелесіп қала жаздады

  Пікірлер

blog.share

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсететін елордалық "Астана арландары" мен кубалық "Куба қабыландары" командаларының боксшылары финалдық кездесу алдында салмақ өлшеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Финалдық жекпе-жекте он боксшы жұдырықтасады. Егер екі команда тең түсіп, итжығыс болатын болса, онда жеңімпаз қосымша салмақ арқылы анықталады. 

Бүгін екі команда боксшылары жекпе-жек алдында салмақ өлшеді. Салмақ өлшеу кезінде жеңіл салмақтағы Теміртас Жүсіпов пен оханус Аргилагос ерегесіп, төбелесуге шақ қалды. 

Сондай-ақ Фрэнк Залдивар мен Олжас Байниязов та қақтығысты. Кубалық боксшы көз арбасы сәтінде біздің боксшыға тілін көрсетіп, мазақ еткісі келген. Алайда Олжас қарсыласын дер кезінде орнына қойды. 

Салмақ өлшеудің қорытындысы:

49 келі: Теміртас Жүсіпов (48,86 келі) - Йоханус Аргилагос (48,8 келі)
52 келі - Олжас Сәттібаев (51,8 келі) - Йосбани Вейтиа (51,4 келі)
56 келі - Ильяс Сулейманов (55,76 келі) - Хавьер Ибаньес (55,7 келі)
60 келі - Зәкір Сафиуллин (60 келі) - Лазаро Альварес (59,66 келі)
64 келі - Ділмурат Мижитов (63,9 келі) - Энди Круз (63,3 келі)
69 келі - Асланбек Шымбергенов (69 келі) - Роньель Иглесиас (68,55 келі);
75 келі - Әбілхан Аманқұл (75 келі) - Арлен Лопес (74,4 келі);
81 келі - Арман Рысбек (80,5 келі) - Хулио Ла Крус (80,65 келі);
91 келі - Антон Пинчук (90,250 келі) - Эрисланди Савон (90,2 келі);
91 келіден жоғары - Олжас Бұқаев (100,3 келі) - Йоандри Тоирак (113,5 келі).

Қосымша кездесу - 52 келі - Олжас Байниязов - Фрэнк Залдивар.

Еске салайық, "Астана арландары" мен "Куба қабыландары" арасындағы Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалдық кездесуі 15 шілде күні өтеді. Жекпе-жек "Қазақстан" мұз айдынында 15:00-де басталады. 

Жарнама

Живи спортом!