Профи-бокс
27 тамыз 2021 14:10
 
"Астана арландары" командасының бұрынғы боксшысы әлем чемпионы атағын қорғайды

  Пікірлер

blog.share

"Астана арландары" командасының бұрынғы боксшысы әлем чемпионы атағын қорғайды ©instagram.com/filip_hrgovic

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) сериясында елордалық "Астана арландары" командасында өнер көрсеткен хорватиялық боксшы Филипп Хргович (12-0, 10 КО) шаршы алаңға 10 қыркүйек күні шығады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ол Клагенфурт (Австрия) қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтастады. Хрговичтің қарсыласы черногориялық боксшы Марко Радоньич болады. Бұл кездесуде хорват боксшысы аса ауыр салмақтағы IBF International белбеуін қорғайды. 

Еске салайық, Хргович "Астана арландарымен" бірге Бүкіләлемдік бокс сериясында екі рет топ жарды. Сонымен қатар ол елордалық команда сапында жүріп 2016 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алып, Рио төреніен қола жүлде еншілеп қайтты. 

Айта кетейік, қазрігі уақытта аса ауыр салмақта IBF белбеуі британдық боксшы Энтони Джошуаға (24-1, 22 КО) тиесілі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!