Профи-бокс
24 қаңтар 2017 14:28
 
"Астана Арландары" командасына арыз түсті

  Пікірлер

blog.share

"Астана Арландары" командасына арыз түсті ©Vesti.kz

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын елордалық "Астана Арландары" командасының үстінен расында арыз түскен, деп хабарлайды Vesti.kz.

Арызды V-маусымда өнер көрсетіп, чемпиондықты жеңіп алған боксшылар мен бапкерлер қосыны жазған.

"Арыздың түскені рас. Бірақ, ол енді 25 ақпанда қаралатын болады. Шағымның не үшін түскені туралы көпшілік қазір қате пікірде. 2015 жылы WSB тарапынан ақша аударылғаны шындық. Бірақ, бұл ақша боксшылар мен бапкерлердің сыйақысы үшін аударылған жоқ. Бір мысал. Өткен жылы "Астана" футбол клубы Еуропада жақсы ойнап, УЕФА-дан тәп-тәуір сыйақы алды. Алайда, ол сыйақы футболшыларға берілген жоқ. Футболшылар тек келісімшарт бойынша сыйақыларын алды. Ал, "Астана Арландары" боксшылары мен бапкерлерінде ондай келісімшарт жоқ. WSB ұйымының ешбір құжатында да сыйақы боксшыларға берілуі керек деген бөлім жоқ. Өткен жылы команда қаржылық қиындыққа тап болды. Сол уақытта сыйақыны пайдаландық. Боксшылар мен бапкерлердің айлықтарын толық бердік. Қазір олардың алдында біздің қарызымыз жоқ" , - дейді бұл мәселеге байланысты "Астана" Президенттік кәсіпқой спорт клубының атқарушы директоры Аманбек Құлшықов. 

Айта кетейік, Бүкіләлемдік бокс сериясының бесінші маусымында жеңіске жеткені үшін AIBA сыйақы ретінде команданың есебіне 400 мың доллар аударған. Бірақ бұл қаржы боксшыларға да, бапкерлерге жетпеген-мыс. Сондықтан да сол кезде өнер көрсеткен команда мүшелері сотқа арыз берген. Қазір бұл іс Алматы қаласы, Есіл аудандық сотында қаралып жатыр.

Арыз берушілердің қатарында 24 адам бар. Олар: Ерік Әлжанов, Самат Бәшенов, Бейбіт Есжанов, Мардан Берікбаев, Жомарт Ержан, Мұхамеджан Еркін, Қайрат Ералиев, Мирас Жақыпов, Нұрдаулет Жарманов, Ержан Мұсафиров, Зәкір Сафиуллин және Мейірболат Тойытов.

Аталған боксшылардың барлығы да сыйақыдан бөлек, моральдық шығын ретінде 200 мың теңге қосып беруін талап етіп отыр екен.

Жарнама

Живи спортом!