Кәсіпқой бокс
24 мамыр 2022 14:34
 
Антидопинг агенттігі "Канело" мен Бивол кездесуіне байланысты мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Антидопинг агенттігі "Канело" мен Бивол кездесуіне байланысты мәлімдеме жасады ©boxingscene.com

Антидопинг агенттігі (VADA) мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) пен ресейлік Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) кездесуден кейінгі допинг сынаманы сәтті тапсырды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Жартылай ауыр салмақта WBA белбеуі сарапқа салынған бұл айқас 8 мамыр күні Лас-Вегас қаласында өтіп, Бивол төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Осылайша, "Канело" өз карьерасында екінші мәрте жеңілді. 

"Канело" мен Биволды жекпе-жектен кейінгі допинг сынамасының сәтті тапсыруымен құттықтаймыз", - деп жазды VADA. 

Айта кетейік, "Канело" кеше келесі қарсыласы туралы мәлімдеме жасады. Ол - Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО). Бұл кездесу қыркүйек айында өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!