Профи-бокс
31 тамыз 2022 16:23

Ангелина Лукас Головкин мен "Канелоның" үшінші кездесуіне болжам жасады

©HBO

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (42-1-1, 37 КО) арасындағы үшінші кездесуден не күтетінін айтты. Сондай-ақ, әңгіме барысында трилогияның бұған дейінгі жекпе-жектен айырмашылығын атап өтті. 

"Геннадий - аңыз. Оның жасы қырыққа келді. Бірақ ол әлі жұдырықтасып, керемет бабында екенін көрсетуде. Бізде мұндай боксшылар әлі жоқ. Мен оның карьерасын жеңіспен аяқтағанын қалаймын. Әрине "Канело" қалпақпен ұрып алатын қарсылас емес. Дегенмен де мен бұл кездесуде GGG жеңіске жетеді деп сенемін. 

Головкин біраз салмақ қосты. Алайда ол екінші орта салмақта өзін жақсы сезінуі керек. Мотивациясы да мықты. Себебі бұл оның соңғы айқасы болуы мүмкін. Мен "Канело" мен Головкин шынымен бір-бірін жек көреді деп ойлаймын. Сондықтан да жекпе-жекте қан-жоса болады. Ал соңында кездесудің мәселесін бір соққы шешіп кетуі ықтимал", - деді Лукас. 

Еске салайық, трилогия 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport