Андре Уордтың спорттық мансабын не үшін аяқтағаны белгілі болды
Екі салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс-чемпионы Андре Уордтың спорттық мансабын не үшін аяқтағаны белгілі болды, – деп хабарлайды Championat.com сайты
Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс-чемпионы Карл Фроч Андре Уордтың не үшін бокстан кеткенін айтып берді. Ол өз сөзінде: «Иә, Уорд мені шаршы алаңда тұқыртты. Оның спортта жеткен жетістігін жоққа шығаруға болмайды. Андренің жұдырықтасу мәнері қарсыластары үшін ыңғайсыз, соның нәтижесінде, ол қарсыластарының бәрінен басым түсті. Алайда оның шаршы алаңдағы өнері маған ұнамайтын. Ол жанкүйерлерді жалықтырып жібереді. Ол өте ішпыстырарлық боксшы. Сондықтан оның жекпе-жектері ешбір арна көрсеткілері келмейді. НВО арнасы да Уордпен келісімшартты созғысы келмеді. Бұл оның спорттық мансабын аяқтауға негіз болды», – деді Фроч.
Айта кетейік, Андре Уорд 2017 жылдың қыркүйек айында спорттық мансабымен қош айтысқанын айтып, қолғабын шегеге ілген болатын.

Жарнама