Танмымал америкалық блоггер боксшы Джейк Пол мен Хасим Рахман арасындағы кездесу өтпейтін болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
FIGHTER CHANNEL телеграм-арнасының ақпараты бойынша, Рахмат келісімшартта қарастырылған салмақ лимитін орындаудан бас тартқан.
Жекпе-жек 93 келіге дейінгі салмақта өту керек болған. Бірақ Хасимнің командасы салмақты 97,5 келіге дейін көтеруде сұраған. Содан кейін Полдың MVP Promotions промоутерлік компаниясы шоудың өтпейтінін хабарлаған.
Еске салайық, бұл кездесу 6 тамыз күні Нью-Йорк қаласында өту керек еді.
25 жастағы Пол осыған дейін шаршы алаңда бес кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Бірақ америкалық блоггер әлі кәсіпқой боксшылармен жұдырықтаспады. Дегенмен ол UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Тайрон Вудлиді екі мәрте, Бен Аскренді бір рет жеңді.