Кәсіпқой бокс
4 қазан 2017 16:08
 
Америкалық маман Жақиянов - Барнетт кездесуіне болжам жасады

  Пікірлер

blog.share

Америкалық маман Жақиянов - Барнетт кездесуіне болжам жасады

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Бобби Ганның менеджері америкалық маман Джо Мак жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Райан Барнетт (17-0, 9 КО) пен WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың 27-1, 18 КО) жекпе-жегі болжам жасады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

"Барнетт кәсіпқой бокста әлі жеңілістің кермек дәмін татқан жоқ. Дегенмен бұл оның карьерасындағы ең маңызды кездесулердің бірі болайын деп тұр. Жақиянов кәсіпқой бокста 130-дан астам раунд өткізіп үлгерді. Бұл қазақстандық боксшы үшін үлкен тәжірибе. Ол бұған дейін жеңіліп те көрді. Сондықтан да ол психологиялық тұрғыдан жекпе-жек қалай өрбитін болса да, дайын болады. 

Барнетт жақын қашықтықта жұдырықтасатын боксшыларды бұған дейін де жеңген. Жақияновқа да мұндай қарсыластар қиындық туғызбайды. Британдық боксшы соңғы кездесулерін шамалы сылбыр өткізді. Кейбір жекпе-жектерінде қарсыласынан қатты үстем болған жоқ. Бұл Барнетт үшін жақсы көрсеткіш емес. Өз кезегінде Жақиянов та аса мықты емес Роуши Уорренмен өткен кездесуде екі рет нокдаунға түсті. Бірақ Жанатты біз шыдамды боксшы ретінде білеміз. Жақиянов кез-келген боксшыға қиын қарсылас болары анық. 

Бұл кездесуде мен аз ғана басымдықты Бернеттке беріп отырмын. Дейтұрғанмен де екі боксшының мүмкіндіктері бірдей. Бұған толық сенімдімін. Жекпе-жек ұзаққа созылады. Шамамен жетінші раундтан кейін аяқталуы ықтимал", - дейді Джо Мак. 

Еске салайық, Жақиянов пен Барнетт арасындағы кездесу 21 қазан күні Солтүстік Ирландияның Белфест қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өтеді. 

Жарнама

Живи спортом!