Америкалық маман Головкиннің өз-өзіне тым сенімді екеніне таңғалды
©HBO.com
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Бобби Ганнаның менеджері Джо Мак Vesti.kz порталының тілшісіне орта салмақтағы WBA(Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтетін кездесуі алдындағы баспасөз жиындары кезінде өз-өзіне деген сенімділігіне таң қалғанын атап өтті.
"Баспасөз туры кезінде Головкиннің босаңсып тұрғанын ешкім көрмеді. Салмақты тұрып, өз-өзін сенімді ұстауына қатты таңғалдым. Тіпті ол бұл кездесуді жеңіп қойған боксшы ретінде жүрді. Головкин "Канеломен" өтетін кездесу туралы уайымдайды ма? Менің ойымша, иә. Альварес те уайымдайды. Бірақ екі боксшының баспасөз кезіндегі әрекетіне қарайтын болсақ, Головкинге қарағанда "Канело" көбірек уайымдап жүрген сияқты. Сабырлық - GGG-дің жекпе-жек алдындағы басты артықшылықтарының бірі", - дейді Джо Мак.
Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде GGG орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғайды. Алайда, "Канело" алдағы кездесуде WBC белбеуіне таласпайтынын айтты. Өйткені, мексикалық боксшы бұл ұйымның басшыларымен сөзге келіп қалған.
Кездесуді АҚШ жерінде HBO арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді. Головкин PPV жүйесі бойынша өзінің үшінші кездесуін өткізеді.

Жарнама