Профи-бокс
19 қазан 2017 12:20
 

Америкалық маман Дычконың кәсіпқой бокста жиі кездесу өткізуі дұрыс емес екенін айтты

  Пікірлер

blog.share

Америкалық маман Дычконың кәсіпқой бокста жиі кездесу өткізуі дұрыс емес екенін айтты Сурет Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының ресми сайтынан алынды.

Америкалық KnucklesandGloves.com және TheFightCity.com порталдарының шолушысы Патрик Конор Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Иван Дычконың кәсіпқой бокста жиі өткізіп жатқан кездесуі отандасымызға алдағы уақытта қиындық туғызуы мүмкін екенін айтты. 

Еске салайық, қазіргі уақытта Иван Дычко кәсіпқой бокста екі кездесуін өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Бұл екі кездесуді де боксшымыз қазан айында өткізді. 

"Дычконың көрсеткіштері керемет. Ол өз салмағындағы мықты деген боксшыларды қиындық туғызатын қарсыласт. Бірақ Дычконың бапкерлері қазір оған тым артық жүк артып жіберген секілді. Төрт аптаның ішінде үш кездесу өткізу, бұл тым қиын. Оның қарсыластары қарымды болмаса да, кездесу төрт раунда есептелсе де, бұлай жиі кездесу өткізуге болмайды. Бұл дұрыс емес стратегия. Бір қарағанда мұндай қарқынмен Дычко тез тәжірибе жинап, рейтингке жоғары көтерілуге мүмкіндік береді. Алайда боксшының психологиясы мен денсаулығына орасан зор кедергі келтіреді. 

Оның екінші кездесуіндегі қарсыласы мықты боксшы болды. Ол тіпті жеңіп кетуі де мүмкін еді. Бірақ Иван бұл кездесуде өзінің тәжірибесінің арқасында жеңіп кетті. Дегенмен де ол біраз соққы өткізіп алды. Бұл оның келесі кездесулерінде кері әсерін тигізуі ықтимал. Сондықтан бапкерлерге боксшының кестесін дұрыс құрып, тым артық жүк арта беруге болмайды. Тіпті бір айда екі кездесу өткізу дегеніміз боксшы үшін ауыр жүк. Менің ойымша - бұл дұрыс емес. Қазір Дычкоға кәсіпқой бокстың барлық қулығын біліп, төселіп алуы керек", - дейді Конор. 

Айта кетейік, бұған дейін Иван Дычконың менеджері Зия Алиев Дычконың жылдың соңына дейін тағы төрт кездесу өткізуі мүмкін екенін айтты. 






blog.share
Америкалық KnucklesandGloves.com және 
TheFightCity.com порталдарының шолушысы Патрик Конор Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Иван Дычконың кәсіпқой бокста жиі өткізіп жатқан кездесуі отандасымызға алдағы уақытта қиындық туғызуы мүмкін екенін айтты. 

Еске салайық, қазіргі уақытта Иван Дычко кәсіпқой бокста екі кездесуін өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Бұл екі кездесуді де боксшымыз қазан айында өткізді. 

"Дычконың көрсеткіштері керемет. Ол өз салмағындағы мықты деген боксшыларды қиындық туғызатын қарсыласт. Бірақ Дычконың бапкерлері қазір оған тым артық жүк артып жіберген секілді. Төрт аптаның ішінде үш кездесу өткізу, бұл тым қиын. Оның қарсыластары қарымды болмаса да, кездесу төрт раунда есептелсе де, бұлай жиі кездесу өткізуге болмайды. Бұл дұрыс емес стратегия. Бір қарағанда мұндай қарқынмен Дычко тез тәжірибе жинап, рейтингке жоғары көтерілуге мүмкіндік береді. Алайда боксшының психологиясы мен денсаулығына орасан зор кедергі келтіреді. 

Оның екінші кездесуіндегі қарсыласы мықты боксшы болды. Ол тіпті жеңіп кетуі де мүмкін еді. Бірақ Иван бұл кездесуде өзінің тәжірибесінің арқасында жеңіп кетті. Дегенмен де ол біраз соққы өткізіп алды. Бұл оның келесі кездесулерінде кері әсерін тигізуі ықтимал. Сондықтан бапкерлерге боксшының кестесін дұрыс құрып, тым артық жүк арта беруге болмайды. Тіпті бір айда екі кездесу өткізу дегеніміз боксшы үшін ауыр жүк. Менің ойымша - бұл дұрыс емес. Қазір Дычкоға кәсіпқой бокстың барлық қулығын біліп, төселіп алуы керек", - дейді Конор. 

Айта кетейік, бұған дейін Иван Дычконың менеджері Зия Алиев Дычконың жылдың соңына дейін тағы төрт кездесу өткізуі мүмкін екенін айтты. 






Жарнама

Живи спортом!