Профи-бокс
30 мамыр 2017 10:46
 
Америкалық бапкер Кирклендке қарсы кездесу Қанат Ислам үшін қаншалықты пайдалы екенін айтты

  Пікірлер

blog.share

Америкалық бапкер Кирклендке қарсы кездесу Қанат Ислам үшін қаншалықты пайдалы екенін айтты ©alchetron.com

Ресейлік кәсіпқой боксшы Сергей Ковалевтің бұрынғы бапкері Дерек Сантос-Россарио Vesti.kz порталының тілшісіне бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлемнің жаңа чемпионы Қанат "QAZAQ" Исламға (24-0, 19 КО) америкалық Джеймс Кирклендпен кездесу қаншалықты пайдалы екенін айтып берді. 

"Мен бұл кездесу туралы естідім. Менің ойымша, бұл жекпе-жек Қанат Исламға америкалық бокс туралы жазатын БАҚ пен америкалық бокс сүйер қауымның арасында танымал болуға жақсы әсер етеді. Қазіргі уақытта көпшілік Кирклдендтің қаншалықты мықты екенін айтып жүр. Джейкмстің аты қазіргі уақытта даумен байланысты қатты шығып кетті. Ол қарсыластарына тек алғашқы үш раундта ғана қауіп төндіре алады. Негізі өте талантты боксшылардың бірі болатын. Бірақ оның бапкері Энн Вольф (кәсіпқой бокстағы жалғыз әйел бапкер) оның жаттығуларын түбелейлі өзгетіп, түбінде боксшыны тығырыққа тіреп тастады. 

Қазіргі уақытта америкалық жанкүйерлерден Қанат туралы сұрайтын болсақ, көбісі білмейді. Сондықтан Қанат Исламған Джеймс Кирклендпен кездесу маңызды. Оның үстіне қазақстандық боксшы бұл кездесуде жеңіске жету керек. Сол уақытта оның америкалық жанкүйерлері пайда болады. Оның көрсеткіштері жаман емес. Енді тек АҚШ жерінде чемпиондық белбеуге үмітті боксшы екенін дәлелдеу керек. Мен оған тек сәттілік тілеймін. Ол мықты жекпе-жектер өткізуге лайқыты боксшы", - дейді Сантос. 

Еске салайық, Қанат Ислам өзінің соңғы кездесуін 26 мамыо күні мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы өткізіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Сөйтіп орта салмақтағы WBO NABO и WBA Inter-Сontinental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеулерін жеңіп алды. Қазіргі уақытта отандасымыздың еншісінде 24 кездесу бар және боксшымыз оның барлығында жеңіске жеткен. 19 кездесу ол қарсыластарын нокаутқа жіберген. 

Бұл жеңісінен кейін Ислам BoxRec порталының рейтингінде бірінші орта салмақтағы боксшылардың арасында 27 сатыға жоғарылап, 26 орынға жайғасты. 

Қанат Исламның соңғы кездесуінен кейін қазақстандық боксшы мен Кирклендің командасы жекпе-жек өткізу үшін келіссөз жүргізіп жатыр деген мәлімет шыққан болатын. Бұл кездесу 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өтуі ықтимал. Америкалық боксшы бұл кездесу үшін Қазақстанға келуге дайын екенін де айтты. 

Айта кетейік, 33 жастағы Киркленд өзінің соңғы кездесуін 2015 жылы мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізіп, жеңіліп қалған еді. Жалпы ол кәсіпқой боксшы 34 кездесу өткізіп, оның 32 жеңіске жеткен. 

Жарнама

Живи спортом!