Профи-бокс
10 қараша 2017 16:09
 
Америкада кәсіпқой бокс спорттың дәрежесінен асып шоу-бизнеске айналған - Бекман Сойлыбаев

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаевтың АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 12-ші жекпе-жегін өткізіп, WBC International чемпиондық белбеуін қорғағанына да жарты айдан астам уақыт өтті. Бүгінде Астанада отбасымен демалып жүрген боксшы сайтымызға америкалықтардың кәсіпқой боксқа деген көзқарасы жайлы айтып берді.

– Бекман, cоңғы жекпе-жегінді өткізгеніңе де біршама уақыт болып қалды. Тағы бір мәрте еске түсіріп, жанкүйерлерге айтып берсең.

– Лас-Вегаста өткен жекпе-жек. Ұйымдастырылу жағы өте жоғары болды. «Голден бой» промоутерлік компаниясы әрбір ұсақ-түйекке дейін мән беріп, үлкен шоу жасады. Лас-Вегас – екі аттасаң казино кезігетін, халық жұмыс үшін емес, демалу үшін баратын қала екен. Бізге арналмаған қала. Ал жекпе-жек өзім ойлағандай өтті. Бірінші раундтан бастап тізгінді қолдан шығармауға тырыстым.

– Негізі қарсыласың да осал шағылар жаңғақ емес екен. Айқас алдында оның бұрынғы жекпе-жектерін көріп, арнайы дайындалдың ба?

– Тек бір-екі видеосын ғана көре алдым. Соның өзі Фернандо Варгас жайлы қорытынды жасауға жеткілікті болды. Тәжірибелі боксшы екен. Бірақ, ең бастысы, өзіңнің тактикаң ғой.

– Бокста чемпиондық раундтар деген болады. Яғни, соңғы екі-үш раунд. Байқадық, өте жақсы өткіздің. Осы жолы еш асығыстық көрмедік. Өте сабырлы болдың. Алайда шабуылда агрессия байқадық. Бұл арнайы тактика ма?

– Жаттығу барысында 12 раундқа дейін спаррингтер өткізіп жатамыз. Күшімізді әр раундқа бөліп есептеуге үйреніп қалғанбыз. Бұл жолы да раунд өткен сайын қарқынымды күшейте бердім. Соңына қарай құлатқым келді. Бірақ, бас тас екен. Құламады. Қайта басынан ұрам деп өзім қолымды ауыртып алдым.

– Жалпы, Фернандо Варгастың айқасына өзің қандай баға берер едің? «Мексикан стайлды» көре алдың ба? Бұрынғы қарсыластарыңа ұқсай ма?

– Бұл Варгас өте тәжірибелі, әккі боксшы екен. Кәсіпқой боксты ерте бастап, елуге жуық жекпе-жек өткізіп тастаған ғой. Қалай қимылдау қажет екенін, қай кезде қарқынды күшейтіп, қай уақытта қорғану керектігін жақсы біледі. Мексикалықтармен бірінші рет кездесіп тұрған жоқпын. Бұған дейін де осы елдің талай боксшысымен кездескенмін. Оларға мүлдем ұқсамайды. «Мексикан стайлды» көре алмадым. Бас-көз жоқ алға ұмтыла бермейді екен.

– Енді келесі айқасты қай уақытқа жоспарлап отырсыздар? Жалпы, жекпе-жек өткен сайын қарсылас табу қиын сияқты ғой. Солай ма?

– Биыл үш жекпе-жек өткіздім. WBC International белбеуін жеңіп алып, оны бір рет қорғап үлгердім. 2017 жылға жетер деп отырмыз. Енді командаммен ақылдасып, алдағы жоспарды түзетін боламыз. Жекпе-жекті келесі жылдың ақпан немесе наурыз айларында өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Негізі, сөзіңіздің жаны бар, айқас өткен сайын қарсылас табу қиын. Оның үстіне, чемпиондық белбеудің иегері болсаң, қарсыластарың саған басқаша қарайды. Жеңіліп қалудан қорқып, ақша көп сұрайды. Сондықтан, кәсіпқой бокста айқас рингте ғана емес, шаршы алаң сыртында да жүреді.

– Промоутерің Сэм Катковский «Даймонд ринг» сайтына берген сұхбатында Бекман WBC International белдігін тағы бір мәрте қорғаса, WBC тұжырымы бойынша өз салмағында ТОП-3-ке бірден кіреді деді. Ал өз басың шаршы алаңда қандай қарсыластармен жұдырықтасқың келеді?

– Маған дәл қазір рейтингі өзімнен төмен боксшылармен жұдырықтасудың қажеті жоқ. Рейтингте өсу үшін тәжірибелі боксшыларға қарсы шығуым керек. Ал қарсыласымның кім болатынын промоутерлерім анықтайды.

– Жалпы, осы сапарыңда Лос-Анджелесте екі жарым айдай жаттығып, содан кейін ғана шаршы алаңға шықтың. Жаттығу барысы жайлы айтып берсең. Жеке бапкерің кім?

– Тамыз айының басында аттанғанмын. Жеке бапкерім Эрик Браун. Пол Мальянаджи, Питер Куиллин, Егор Мехонцев, Тарас Шелестюк сынды боксшылардың да жаттықтырушысы. Лос-Анджелестегі Wild Card West бокс залында жаттықтық. Жаңағы боксшыларды да жиі көріп тұратынмын. Бірінші барған күннен бастап Эрик Браун мені жылы қабылдап, бұл жолы жақсы бабымда екенімді айтты.

– Негізі, соңғы кездері қазақстандық кәсіпқой боксшылардың көбі жекпе-жектерін Америкада өткізетін болып жүр. Бұл қуанышты, әрине. Жалпы, жерлестеріміздің жекпе-жекке шығу үшін мұхит асып жатуы не себептен? Америкада қазақ боксшыларын қалай қабылдайды?

– Американы кәсіпқой бокстың Меккесі деп жатады ғой. Бұл жай айтыла салған сөз емес. Расымен солай. Ол жақта кәсіпқой боксқа деген көзқарас басқаша. Спорттың дәрежесінен асырып, шоу, бизнеске айналдырып жіберген. Қазақстанда әзірге кәсіпқой бокста нәпақа табу қиын. Ал АҚШ-та ақшаның көзі. Рейтингің өскен сайын мәртебең де арта береді. Қарсылас табу да қиынға соқпайды. «Сен тұр, мен атайын» деп тұрғандар жетерлік. Тек ішінен қажеттісін жаңылмай таңдап алсаң болғаны.

– Өзің Лос-Анджелесте қазақтың қай боксшыларын кезіктірдің?

– Лос-Анджелесте екі жарым ай жаттықтым ғой. Осы аралықта қазақтың біраз боксшыларымен кездестік. Қолымыз босағанда бас қосып тұрдық. Мәдияр Әшкеев, Асқат Уәлиханов деген жігіттермен жақсы араластық. Олар да Лос-Анджелесте жаттықты. Бірақ, базамыз бөлек болды.

– Бекман, осы екінші жартылай жеңіл салмақ өзіңе ыңғайлы ма? Салмақ ауыстыру ойыңда бар ма? Жалпы, жекпе-жек жақындағанда қанша келі салмақ қуасың?

– Лос-Анджелеске 60 келімен барғанмын. Өзім 130 фут, яғни 58,9 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасамын. Екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінің лимиті осы. 130 футты бір апта қалғанда-ақ қиналмай жасап тастаймын. Сондықтан, салмақ қуу мен үшін қиын емес. Керісінше, кейде салмақ жеткізе алмай қиналамын. Ал кәсіпқой бокста өздеріңіз білесіздер, кейбіреулер таразыға тұрған соң ертесінде 5-6 келі қосып алады. Өзім сондайлармен де кездескем. Эрик Браун мені керісінше 126 футқа түсірем деп жүр. Сондықтан, алдағы уақытта салмақ түсіріп те қалатын шығармын.

– Бұл сосын рейтингіңе әсер етпей ме?

– Әсер етпеуі тиіс. Орнымды сақтап қаламын.

– WBC тұжырымы бойынша сенің салмағыңда чемпиондық белбеудің иегері мексикалық Мигель Берчельт екен. Одан рейтингтің алғашқы алтылығында мексикалықтар тұр. Кәсіпқой бокста бұл елдің боксшыларының осындай жетістіктерге жетіп жатуы не себептен?

– Бұл WBC тұжырымының мексикалықтардың иелігінде болғандығынан шығар. Дегенмен, «шын мықтыға тұсау жоқ» дейді ғой. Мәселен, Геннадий Головкин де осы тұжырым бойынша әлем чемпионы. Егер алдағы уақытта Берчельтті жеңіп жатсам, менде де рейтингте көш бастауыма мүмкіндік болады.

– Мигель Берчельт, Василий Ломаченко, Орландо Салидо, Франциско Варгас, Николас Уолтерс, Джэйсон Соса… мұның барлығы болашақ қарсыластарың. Арасындағы ең қауіптісі деп қайсысын айтар едің?

– Жекпе-жек сайын оңай қарсыластар қалмайды ғой. Анау қауіпті, мынау әлсіз деп айта алмаймын. Бірақ, қай-қайсына болмасын, дайынмын.

– Василий Ломаченкомен қыста спарринг өткізгеніңнен хабардармыз. Ол қандай боксшы екен. Қанша раунд жұдырықтастыңдар?

– Иә, ақпан айында біз Фредди Роучтың залына барғанбыз. Сол жерде Василий Ломаченкомен жұдырықтастық. Бірақ ол өзінің бар әлеуетін паш етпеді. Бір саусағын бүгіп қалғандай көрінді. Мен де соқтым, ол да ұрды. Жеңуге болатынын байқадым. Бірақ, мықты боксшы екенін де мойындаймын. Болашақта екеуміздің жолымыз ресми айқаста түйіседі деп ойлаймын. Шын мықтыны сол кезде анықтаймыз.

– Сол Ломаченко желтоқсан айында кубалық Гильермо Ригондомен жекпе-жек өткізеді. Екеуінің де әлеуеттерін жақсы білесің. Сенің болжамың қандай?

– Екеуі де тәжірибелі боксшы. Екеуі де мықты. Өз басым Ломаченко жеңеді деп отырмын. Бірақ жекпе-жек 12 раундқа дейін созылуы тиіс. Бір қызықсыз кездесу болатын сияқты.

– Жақында қазақстандық кәсіпқой боксшылардың тұңғыш Р4Р рейтингі жарияланды. Сені сол жерден 4-орыннан көрдік. Бұл сен үшін қаншалықты қанағаттандырарлық көрсеткіш?

– Кәсіпқой боксты бастағанына көп бола қоймаған мен сияқты боксшы үшін бұл жақсы көрсеткіш. Мені өз рейтингтерінің жоғары сатысына қойған мамандарға рахмет. Алдағы уақытта көш басынан көрінуге тырысамын.

– Ендеше Бекман, сенен әлем боксшыларының Р4Р рейтингін түзіп беруіңді сұраймыз. Өзіңнің пікіріңше, әлемдегі ТОП-5 боксшы кім?

– Бірінші орынға Геннадий Головкинді қоямын. Жерлесім болғаны үшін емес, ол расымен де қазір әлемдегі үздік боксшы. Екінші орынға америкалық Теренс Кроуфордты қоямын. Үздік үштікте меніңше ағылшын алыбы Энтони Джошуа болуы тиіс. Төртінші сатыда мексикалық Сауль Альварес. Ал бесінші орында тағы бір америкалық Кит Турман. Менің рейтингім осындай. Жоқ, жазбай қоя тұрыңыз. Үздік бестікте Василий Ломаченко. Турманды сызып тастай салыңыз. Ломач қазір мықтырақ.

Жарнама

Живи спортом!