Профи-бокс
4 мамыр 2017 10:34
 
Альварестің промоутері мексикалық боксшының келесі жекпе-жегі қашан өтетінін жариялады

  Пікірлер

blog.share

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының иесі Оскар Де Ла Хойя бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чепионы Сауль "Канело" Альварестің келесі жекпе-жегін қыркүйек айына белгіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы Де Ла Хойя 6 мамырда Лас-Вегас қаласында өтетін Альварес - Чавес жекпе-жегінің алдында өткізілген баспасөз конференциясында айтты. Алайда промоутер мексикалықтың келесі қарсыласы кім болатынын ашып айтпады.

"Канелоның" негізгі қарсыласы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) екені белгілі, екі жақтың командалары қыркүйекте жекпе-жек өткізу үшін келіссөздер жүргізіп келеді.

Альварестің өзі Чавеспен өтетін жекпе-жектен кейін, Головкин өнер көрсететін орта салмаққа ауысатынын мәлімдеді. Қазақстандық боксшы қыркүйекте "Канеломен" жекпе-жекке шығу үшін орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен маусым айына жоспарланған кездесуден бас тартты.

Golden Boy Promotions өкілі Эрик Гомес Головкиннің командасымен келіссөздер аяқталуға жақын қалғанын және қазіргі уақытта тек Чавесті жеңу керектігін айтқан болатын. Жағдай басқаша болса Головкинмен жүргізіліп жатқан келіссөздер бекер болмақ.

Жарнама

Живи спортом!