Альварестің промоутері Головкиннің Мартиросянмен жекпе-жегі үшін алған гонорарының көлеміне күлді
Сауль "Канело" Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя Геннадий Головкиннің Ванес Мартиросянмен жекпе-жегі үшін алған гонорарының көлеміне күлді, деп хабарлады Vesti.kz.
Сауль "Канело" Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя Геннадий Головкиннің Ванес Мартиросянмен жекпе-жегі үшін алған гонорарының көлеміне күлді, деп хабарлады Vesti.kz.
"Головкин 3 миллион тауып жүргенде, "Канело" сенсіз-ақ 40 миллион тауып жатыр", - деп жазды Оскар Де Ла Хойя твиттерде.
In the mean time @GGGBoxing making 3million and @Canelo making 40 million without you. #sighnthecontract #scared #CaneloGGG2 #stopcrying
— Oscar De La Hoya (@OscarDeLaHoya) 12 мая 2018 г.
Сонымен қатар, мексикалық промоутер Сауль "Канело" Альварестің қыркүйекте рингке оралатынын айтты. Сол кезде Головкин екеуінің реваншы өтуі мүмкін.
Айта кетейік, олардың бірінші жекпе-жегінде кімнің мықты екені анықталған жоқ еді, екеуі тең түсті. Реванш 5 мамырда өтуі тиіс болатын, алайда биыл ақпанда Альварес екі рет допинг-тесттен өте алмай қалды. Бірақ ол күні Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен (36-4-1, 21 KO) жекпе-жек өткізіп, екінші раундта нокаутқа түсірді.
Жарнама