Бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) мүддесін қорғап жүрген Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының иесі Оскар Де Ла Хойя орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) болатын алдағы жекпе-жектің кейбір мәліметтерін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бірден айтайын, бұл нағыз орта салмақтағы (160 фунт) жекпе-жек болады. Екі жігітте он унциялық былғары қолғаптарда жұдырықтасады. Регидратация туралы пунк те, оған қатысты мәселе де жоқ. Бұл нағыз орта салмақтағы жекпе-жек, 160 фунтта өтеді, осымен барлығы да бітті", - деді Де Ла Хойя ESPN телеарнасының First Take бағдарламасының тікелей эфирінде.
Еске салайық, 7 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі болған кездесу 12 раудқа созылып, қазылар алқасының шешімімен 120-108 есебімен Альварес жеңімпаз деп танылды.
Сонымен қатар, Геннадий Головкин (37-0, 33 KO) және мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 KO) командалары боксшылардың жұдырықтасатын орны бойынша келісімге келді. Бұл жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында 16 қыркүйекте өтетін болды. Бұл күнгі бокс кешін Невада штатының Атлетикалық комиссиясы қадағалайтын болады. Бұл ақпаратты комиссия өкілдері де растап отыр.
Головкин - Альварес жекпе-жегіне қазақстандықтың барлық атағы тігіледі (WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулері). Боксшылар рингте тұрып көз арбасып та үлгерді.

Жарнама